Еңбек нарығы жылдам өзгеріп жатыр, ал HR-маманның тапсырмалары азаймайды: кандидаттарды іздеу, сұхбат өткізу, жаңа қызметкерді бейімдеу, ағымдағы құжаттармен жұмыс – барлығы жиі бір адамның мойнында қалады. Уақыт жетіспейді, тапсырма саны күн сайын көбейеді.
Жасанды интеллект (бұдан әрі ЖИ) – осы жүктемені азайтуға көмектеседі. hh.kz платформасы 2025 жылдың 27 маусымында сауалнама жүргізіп, оған 570-тен астам қазақстандық қатысқан. Олардың 40%-ы жұмыста ЖИ-ды кейде қолданатынын, тағы 25%-ы оны тұрақты процеске айналдырғанын айтқан. Сондықтан ссы мақалада HR саласында нейрожелілерді қалай қолдануға болатынын, неден бастау керегін және қандай процестерді автоматтандыруға болатынын қарастырамыз.
HR жұмысында ЖИ не үшін қажет
HR саласындағы жасанды интеллект – бөлімнің күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған алгоритмдер жиынтығы. Олар кандидаттарды іздейді, қызметкерлердің көңіл-күйін талдайды, жаңа адамды жұмысқа бейімдейді, дамуына бағыт береді.
ЖИ жұмысының сапасы оны қандай деректермен үйреткеніңізге байланысты. HR бөлімінде бұл – кандидаттардың резюмелері, сұхбат нәтижелері, тест тапсырмалары, қызметкерлердің жетістіктері мен дағдылары, жұмыс белсенділігі, ауысымдар мен демалыс кестесі, командадағы белсенділік, жұмыстан шығу себептері.
Осы деректер негізінде ЖИ резюмелерді алғашқы іріктеуден өткізеді. Немесе сынақ мерзімінен сәтті өткен қызметкерлердің мінез-құлық үлгісін талдап, жаңа қызметкердің компанияда қанша уақыт жұмыс істейтінін болжайды.
Кадр бөлімінің қандай міндеттерін нейрожелілер шешеді
Жасанды интеллект HR маманын алмастырмайды. Ол күнделікті қайталанатын жұмысты өз мойнына алады, маман болса шешім қабылдауға көбірек уақыт бөледі.

Нейрожелілер мына бағыттарда көмектеседі:
- Қызметкерлерді іріктеуді автоматтандыру. Алгоритмдер кандидаттың тәжірибесін, дағдылары мен жетістіктерін вакансия талаптарымен салыстырады. HR-маман тек бастапқы фильтрден өткен резюмелерді қарайды.
- Кандидаттарды бастапқы скринингтен өткізу. ЖИ резюмелерді сұрыптайды, чат-бот арқылы алғашқы сұрақтар қояды, жауаптарды талдап, HR-ға қысқа қорытынды дайындайды. Рекрутердің уақыты осылай үнемделеді.
- Онбординг жоспарын құру. Нейрожелі жаңа қызметкерге жеке жоспар жасайды: оқу материалдары мен нұсқаулықтарға сілтеме береді, алғашқы тапсырмаларды дайындайды, даму барысын қадағалайды, дедлайндар туралы еске салады. Онбординг аяқталған соң ЖИ нәтижені талдап, әрі қарайғы даму бағытын ұсынады.
- Құжат айналымы мен есепті автоматтандыру. HR жұмысында құжат көп: өтініштер, шарттар, анықтамалар. Нейрожелі деректерді базадан автоматты алады, қателерді тексереді, құжатты керек маманға жібереді, демалыс пен ауру парағын, төлемдерді есептейді, есептерді дайындайды. Бұл қателерді азайтады және уақытты қысқартады.
- Қызметкердің күйзелісін ерте байқау. Алгоритмдер чаттағы белсенділікті, кездесулерге қатысуды, өнімділік деңгейін талдап, күйзеліс белгілерін ерте анықтайды.
- Жұмыстан шығу ықтималдығын болжау. Мұны нейрожелі қызметкердің жұмыс сатысында соңғы уақытта көтерілуі, командалық өмірге қатысуы, жаңа жобаларды алу деңгейі арқылы болжайды. Бұл HR-ға тәуекелдерді алдын ала көруге мүмкіндік береді.
ЖИ-ді HR жұмысына қалай енгізу керек
Барлық процесті бір мезгілде автоматтандыру қиын. Қарапайым қадамнан бастаған дұрыс.
Қазақстандағы жағдай мұны растайды. Doodocs пен People Consulting 2026 жылдың шілдесінде 44 компания арасында жүргізген зерттеу бойынша, компаниялардың 82%-ы ЖИ енгізгісі келеді, бірақ оған әлі дайын емес. HR-дың цифрлық жетілу деңгейі орта есеппен 100 балдан 44,4 балл ғана құрайды, ал толық «цифрлы» деңгейге тек 18,2% жеткен.
Осындай жағдайда бірден күрделі жүйе құрудың қажеті жоқ. Кестедегі қадамдар бастауға көмектеседі:
| Қадам | Не істеу керек |
|---|---|
| 1 | Уақыт пен ресурсты ең көп жейтін процесті анықтау |
| 2 | Бір қарапайым тапсырмадан бастау — мысалы, резюмелерді сұрыптау немесе демалыс өтінішінің үлгісін жасау |
| 3 | Интерфейсі мен бағасы қолайлы құрал таңдау. Нарықта AI-құралдар көп, солардың бірі – BitrixGPT, HR процестерін жеңілдетуге арналған көпфункциялы AI-көмекші |
| 4 | Бірнеше ерікті қызметкермен сынақтан өткізу, нәтижені талдап, пікір жинау |
| 5 | Құралдың жұмысын командаға түсіндіру, мысал көрсету, сұрақтарға жауап беру |
| 6 | Нәтижені бақылап, жетілдіру. ЖИ кейде қателеседі, сондықтан соңғы шешім адамда қалуы керек |
Бір сөзбен, жасанды интеллект HR жұмысын өзгертеді: рекрутингті жеделдетеді, құжат айналымын автоматтандырады, қызметкерлерді дамытуға көмектеседі, олардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Бірақ ол HR маманын алмастырмайды – маңызды шешімдер адамда қалады.

Жиі қойылатын сұрақтар
Жоқ. Нейрожелі резюмені сұрыптауды, деректерді талдауды, стандартты құжатпен жұмысты жақсы орындайды. Бірақ кандидатпен сенімді қарым-қатынас орнату, командадағы жанжалды шешу, компания мәдениетіне қатысты шешім қабылдау – адамның жұмысы.
Тәжірибе көрсеткендей, ЖИ-ды қате қолдансаңыз, дұрыс құрылмаған процесс шешілмейді, тек жылдамырақ бұзыла бастайды. Сондықтан алгоритм – көмекші құрал, ал соңғы шешім әрқашан маманда қалады.
Кандидаттар мен қызметкерлердің деректерін ЖИ-мен өңдегенде дербес деректерді қорғау талаптарын сақтау керек. Қазақстанда бұл «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңымен реттеледі.
Тәжірибеде бұл – жеткізушіні мұқият таңдау, деректерге қолжетімділікті шектеу, ЖИ-мен қандай ақпарат бөлісетінін алдын ала анықтау дегенді білдіреді. Компания осы шарттарды сақтаса, тәуекел азаяды.
Иә, қымбат жүйе сатып алудың қажеті жоқ. Кіші компанияға да қарапайым чат-бот немесе кестелеу құралы жетеді – мысалы, сұхбатты жоспарлауға немесе жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге.
Кез келген компания үшін бірінші қадам – күрделі жүйе емес, бір нақты міндетті автоматтандыру.
Ең маңыздысы
- ЖИ HR маманын алмастырмайды, бірақ күнделікті қайталанатын жұмысты азайтып, маңызды шешімдерге көбірек уақыт қалдырады.
- ЖИ рекрутинг, кандидаттарды скринингтен өткізу, онбординг, құжат айналымы және қызметкерлерді дамыту процестерінде көмектеседі.
- Барлығын бірден автоматтандырудың қажеті жоқ: уақыт пен ресурсты көп алатын бір процесті таңдап, қарапайым тапсырмадан бастаған дұрыс.
- Соңғы шешім адамда қалуы керек: ЖИ қателесуі мүмкін, сондықтан оның нәтижесін маман бақылауы қажет.