Компанияңыз өсіп жатыр. Ал бизнесіңізді басқару тәсілі ше?

Компанияңыз өсіп жатыр. Ал бизнесіңізді басқару тәсілі ше?

5 min
29
CRM
Аналитика
Маркетинг

Клиенттер көбейіп, команда өсті. Тапсырыстар саны артты. Бір қарағанда, бәрі жақсы сияқты.

Бірақ осы өсіммен бірге көзге бірден байқала бермейтін мәселелер де пайда болады. Клиенттің өтінімі чаттардың арасында қалып қояды. Бір құжаттың бірнеше нұсқасы әр қызметкердің компьютерінде сақталады. Тапсырмалар мессенджерде беріледі де, кейін ұмытылып кетеді. Басшы нақты қай жобаның қай кезеңде тұрғанын немесе қай менеджердің жүктемесі қандай екенін көру үшін бірнеше адамнан ақпарат жинауға мәжбүр болады.

Бұл көптеген кәсіпкерлерге таныс жағдай. Көпшілігі мұны бизнестің табиғи өсуімен байланыстырады. Шын мәнінде мәселе бизнестің көлемінде емес, басқару тәсілінде.

Қазақстан бизнесі жаңа кезеңге өтті

BISAM Central Asia зерттеу орталығы мен gro.now аналитикалық платформасы жүргізген ауқымды зерттеу Қазақстандағы бизнес автоматтандыруының жаңа кезеңге өткенін көрсетті. Зерттеу барысында еліміздің барлық өңірінен 1 363 компания арасында сауалнама жүргізіліп, 45 компания басшысымен тереңдетілген сұхбат жасалды. Нәтижесінде бір маңызды үрдіс анықталды: кәсіпкерлер жеке бағдарламалардан құралған жүйеден гөрі, барлық процесті бір ортада біріктіретін платформаларды таңдай бастады.

Бұл өзгеріс кездейсоқ емес.

Соңғы бес жылда CRM жүйелері туралы хабардарлық деңгейі екі есеге жуық өсіп, 80%-ға жетті. Ал автоматтандыру құралдарын пайдаланатын компаниялардың үлесі 20%-дан 43%-ға дейін артқан. Демек, бизнес енді автоматтандырудың қажет екенін дәлелдеуді күтпейді. Ол нақты нәтиже беретін шешімді іздейді.

Қазақстандағы бизнесті Битрикс24 CRM арқылы автоматтандыру

Неліктен көптеген компания күткен нәтижеге жете алмайды?

Зерттеу қызықты заңдылықты көрсетті.

Көптеген кәсіпорын заманауи CRM жүйесін енгізгенімен, оның мүмкіндіктерінің барлығын пайдаланбайды. Көбіне CRM клиенттер базасын жүргізуге немесе мәмілелерді бақылауға арналған құрал ретінде қалып қояды. Ал міндеттер мессенджерде беріледі, құжаттар бұлттық қоймаларда шашыраңқы сақталады, келісімдер Excel кестелерінде жүргізіледі.

Мұндай тәсілді сарапшылар фрагменттелген немесе «лоскутты» автоматтандыру деп атайды. Әр бөлім өзіне ыңғайлы құралмен жұмыс істейді, олардың арасында байланыс жоқ. Соның салдарынан ақпарат қайталанады, уақыт жоғалады, ал басшы толық көріністі бір жерден көре алмайды.

Сондықтан мәселе CRM-нің болмауында емес. Мәселе оның компанияның барлық жұмысын біріктіретін басқару жүйесіне айналмауында.

Бизнес бүгін қандай шешімді іздейді?

Зерттеу нәтижелері кәсіпкерлердің басымдықтары айқын өзгергенін көрсетті. Компанияларға ең алдымен сатылым аналитикасы қажет. Сонымен қатар мессенджерлермен, телефониямен және төлем жүйелерімен интеграция маңызды бола түсті. Жасанды интеллектке негізделген құралдарға қызығушылық та қарқынды өсіп келеді. Кәсіпкерлер енді тек клиенттерді есепке алатын жүйені емес, күнделікті жұмысты жеңілдететін цифрлық көмекшіні күтеді.

Бұл сұраныс кездейсоқ пайда болған жоқ. Компаниялар уақытты қайталанатын жұмыстарға емес, бизнесті дамытуға жұмсағысы келеді.

Қазақстандағы бизнесті Битрикс24 CRM арқылы автоматтандыру

Неліктен кәсіпкерлер Битрикс24-ті таңдайды?

Қазақстандағы автоматтандыру нарығындағы көшбасшылық жай ғана жоғары нарық үлесімен өлшенбейді. Ол бизнестің нақты сұранысына жауап бере алуымен анықталады.

Бүгінде Битрикс24-ті қазақстандық компаниялар тек CRM ретінде пайдаланбайды. Платформа сатылымды басқаруды, жобаларды, тапсырмаларды, құжат айналымын, корпоративтік коммуникацияны, байланыс орталығын және жасанды интеллект мүмкіндіктерін бір цифрлық кеңістікте біріктіреді. Қызметкерлер бірнеше бағдарлама арасында ауысып отырмай, барлық күнделікті жұмысын бір жүйеде орындай алады.

Осындай тәсілдің нәтижесінде Битрикс24 2026 жылғы зерттеу бойынша Қазақстандағы автоматтандыру жүйелері нарығында 40,4% үлеспен бірінші орынға шықты. Соңғы бес жылда платформаның нарықтағы үлесі үштен бірге өсті.

Битрикс24 CRM-ін қолданып көріңіз
CRM клиенттермен барлық байланыс арналарын бақылауға алады және сіздің бизнесіңіздегі сатылымдарды автоматтандырады.
Тегін орнату

Цифрлық трансформация – болашақтың емес, бүгіннің талабы

Бизнес өскен сайын басқару да күрделене түседі. Егер компания бұрынғыдай чаттар, Excel кестелері және бөлек сервистер арқылы жұмыс істей берсе, уақыт өте келе бұл өсуге кедергі бола бастайды.

Сондықтан бүгінгі таңда цифрлық трансформация – жаңа технологияларды енгізу ғана емес. Бұл – бизнесті басқаруды жеңілдету, барлық бөлімді бір жүйеде байланыстыру және басшыға кез келген сәтте компанияның нақты жағдайын көруге мүмкіндік беру.

Қазақстандағы мыңдаған кәсіпорын дәл осы жолды таңдап жатыр. BISAM зерттеуінің нәтижелері көрсеткендей, нарықтағы өзгеріс енді басталып жатқан жоқ – ол қазірдің өзінде жүріп жатыр. Ендігі сұрақ – компаниялар автоматтандыру қажет пе дегенді емес, оны қаншалықты тиімді жүзеге асыра алатынын шешеді. Ал осы жолда бизнестің барлық процесін бір экожүйеде біріктіретін платформалар барған сайын маңызды рөл атқара береді.

Гүлнұр Досбол
Битрикс24 Қазақстан байланыс бөлімінің маманы
Рекомендуем
Показать еще